Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында учаскелік полиция инспекторы тексеру мақсатымен «Ssang Yong» автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкеріне көлікті басқарып келе жатқан 74 жастағы жергілікті тұрғын жақсы таныс. Ол биыл қаңтар айында мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Тәртіп сақшысы қырағылық танытып, құқық бұзушылықтың жолын кесті. Көлік иесі бұрынғы әрекетінен сабақ алмай, сот шешімін елемеген. Әрі одан ішімдіктің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның қайтадан орташа масаң күйде көлік жүргізгендігін көрсетті. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
«Баптың санкциясы 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді, сондай-ақ заң бұзушы өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады, - дейді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Әлихан Байқадамов. – Автокөлік айып тұрағына қойылды. Заңнаманың талаптарын елемеудің мұндай фактілеріне мүлдем жол берілмеуі тиіс. Полиция қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушыларына зор қауіп төндіретін мас күйде көлік жүргізу фактілерін анықтауға бағдарланған».
Жыл басынан облыс жолдарында көлік басқару құқығынан айырылған 10 мас жүргізуші ұсталды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia
