
Петропавл қаласының бас полицейі қылмысты дер кезінде анықтап, ашуға көмектескен қала тұрғынына алғыс хатты табыс етті.
Өткен жылдың қазан айында Евгений Ростовский домофон қоңырауы арқылы кіреберістің есігін ашып, кімнің қоңырау шалғанын тексеру үшін бірден пәтерінен шыққан. Ол ес-түссіз күйінде қансырап жатқан адамды кіреберіске әкелген екі жігітті көріп қалды. Олардың өзін-өзі ұстауы және полиция шақырылды ма деген сұраққа жауап бергісі келмеуі Евгенийге күдікті болып көрінді. Ол дереу "102" нөміріне қоңырау шалып, кезекшіге шұғыл медициналық көмек қажет екендігін ескертті. Осы уақытта екі жас жігіт қашып кетуге тырысқан. Олардың біреуін Евгений полиция келгенге дейін ұстады. Кейіннен белгілі болғандай, қашып кеткен 20 жастағы қала тұрғыны жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салған және досымен бірге ұрып-соққан адамды пәтеріне апаруға шешім қабылдаған. Егер жәбірленуші көмексіз қалса, оның салдары қандай болары туралы болжау ғана қалады.
"Осылайша, Евгений Ростовскийдің қырағылығы мен батылдығының арқасында ауыр қылмыс уақтылы анықталып, "ізін суытпай" ашылды", — деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Ербол Тайбеков. — Күдікті анықталды, қазіргі уақытта іс материалдарын сот қарастыруда. Евгений Анатольевичтің батыл әрекеттері соттың жеке қаулысында атап өтілді".
Ербол Тайбеков қырағы қала тұрғынына алғыс хатты табыс етіп, белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia