
Өткен аптада облыс жолдарында Жол жүрісі қағидаларының түрлі 2614 бұзушылығы анықталды. Ең жиі жасалатын бұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау. Тағылмаған белбеу жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда апат салдарының ауырлығын арттырады. Мұндай 360 факті тіркелді. Рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен 218 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Жаяу жүргіншілер де полицейлердің назарында болды. Сақшылар айтып өткендей, ағымдағы жылдың 3 айында тіркелген 35 жол апатының 9-ы жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты. Жолдың рұқсат етілмеген жерінен өту немесе бағдаршамының тыйым салынған түсіне өту 4 жол апатына себеп болған. Қалған жағдайларда жүргізушілер қозғалыс кезінде жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген. Өткен аптада Жол жүрісі қағидаларын бұзған 282 жаяу жүргінші және жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзған 46 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары ескерткендей, өткелге жақындаған жүргізушілер оқыс оқиға орын алған жағдайда уақтылы шаралар қабылдай алуы үшін жылдамдықты азайтуы қажет.
«Аталған фактілер сәуірдің 10 мен 16 аралығында өткізілген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде анықталды, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – ЖПІШ кезінде анықталған өрескел бұзушылықтардың 259-ы – жылдамдықты асыру, 58-і – маневр жасау қағидаларын бұзу, 29-ы – бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту және 5-уі – жолдың қарсы қозғалыс бөлігіне шығу. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйде басқарудың 27 дерегін анықтады. Олардың әрқайсысы қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Көлік тізгініне мас күйде отыратын жүргізушілер көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылады».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia