258 отбасылық жанжалқой СҚО полициясында есепте тұр

258 отбасылық жанжалқой СҚО полициясында есепте тұр

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша рейдтер - полиция қызметкерлері жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Кезекті рейд барысында Петропавл полицейлері қалалық жатақханалардың бірін тексерді. Мұнда тізімдік және профилактикалық есептерде тұрған жанжалқой мен маскүнем адамдардың саны әсіресе жоғары. Үш адамды полиция қызметкерлері мас күйінде ұстады. Тәртіп сақшылары тұрақты жұмыс орны жоқ және ішімдікті асыра пайдалануға бейім адамдар қауіпті аймақта екендігін атап өтеді. Бұл отбасылық шеңберде қылмыстарды жасайтын жанжалқойлар мен кінәлілердің түр-тұлғасы.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан полицейлері 868 қорғаныс ұйғарымын шығарды. Тәртіп сақшыларының өтініші бойынша соттар бұзушылардың мінез-құлқына 233 ерекше талап қойды. Бұл үйдегі жанжалқойларға әсер етудің негізгі шаралары. Бұл ретте бұзушылар дереу полицияның есебіне қойылады, оларды аптасына кемінде бір рет тексереді. Бүгінде облыс бойынша 258 отбасылық жанжалқой есепте тұр. Сонымен қатар, 3 айда отбасына жұдырығын ала жүгіретін 135 адам әкімшілік қамауға алынды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық құрбандары дерлік өтініш жазуға келісе бермейді. Профилактикалық әңгімелер барысында тәртіп сақшылары мәселелерді жасырмауға, мамандардың көмегіне жүгінуден қорықпауға шақырады. Көбінесе ішімдікке тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу – мәселенің шешімі ретінде танылуы мүмкін. Айта кетерлік жайт, жыл басынан бері СҚО-да учаскелік инспекторлар 68 адамды емделуге жіберуді қамтамасыз етті.

"Тұрмыстық зорлық — зомбылық және басқа да қылмыстар фактілерінің алдын алуға ішімдікке қарсы заңнаманы бұзуға қарсы іс-қимыл да ықпал етеді", - деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Александр Розбах. - Жыл басынан бері алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сатудың 83 фактісі анықталды, оларды сатуға қойылатын талаптардың 19 бұзылуы — мысалы, түнгі уақытта сатуға тыйым салу. 2800-ден астам адам ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауапқа тартылды. Профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және облыстық ПД басшылығының тұрақты бақылауында".

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты барлық мәселелер бойынша "150" республикалық желісіне, СҚО ПД әйелдерді қорғау бөлімшелеріне — 8 (7152) 61-25-30 және Петропавл қаласының полиция басқармасына — 8 (7152) 49-31-58 телефондары арқылы жүгінуге болады.