СҚО-дағы ауыл тұрғыны қайтарылған қойлары үшін полицейлерге алғысын білдірді

СҚО-дағы ауыл тұрғыны қайтарылған қойлары үшін полицейлерге алғысын білдірді

Толық жабылмаған қақпа Мамлют ауданының Дубровный ауылының тұрғынына бір тәулікке жуық алаңдаушылық туғызды. Түнгі ауысымнан кейін демалып, ол 12 қойдың ауладан қашып кеткендігін анықтаған. Ер адам оларды түнге дейін өз бетінше іздеген, ал таңертең полициядан көмек сұрады. Жануарларды іздеуді учаскелік инспектор Әлібек Осипов қолға алды. Қойлар ауылдық бейнекамералардың назарына түспеген, бірақ кейбір жергілікті тұрғындар оларға назар аударып, іздеу бағытын анықтауға көмектесті. Бір сағаттан кейін жоғалған жануарлар табылып, иесіне қайтарылды. Қуанышты ауыл тұрғыны алғыс сөздерін видеоға түсіріп жіберді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға малды мұқият қадағалап, еркін жайылымға жол бермеу керектігін тағы да еске салады. Жоғалған жануарларды іздеудің әрбір жағдайы полицияның күші мен уақытын қажет етеді. Еркін жайылымдада жүрген мал ұрылардың назарын аударуы немесе жол-көлік оқиғасына әкеліп соғуы мүмкін. Аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Петр Климов учаскелік инспекторлар мұндай фактілердің жолын кесуге бағытталғанын атап өтті. Айта кетерлік жайт, ауданда мұндай құқық бұзушылықтардың төмендеуі байқалады. Жыл басынан бері қаңғыбас мал үшін 14 адам жауапқа тартылды — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, бұл сан 29-ды құраған.

Тәртіп сақшылары еске салады: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабының талаптарына сәйкес, еркін жайылым 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Облыс бойынша 3 айда еркін жайылым фактілері бойынша барлығы 409 хаттама жасалды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia