
СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері үшін Мамлют ауданы тұрғынының алғыс хаты кәсіби мерекеде жақсы сыйлық болды. Бірқатар қиындықтарға байланысты ол бірнеше жыл бойы азаматтығын растай алмаған және Қазақстан азаматының жеке куәлігін ала алмаған. Барлық қиындықтарды жеке шешу үшін аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының қызметкері Сабина Асқапованың қажырлы еңбегі қажет болды. «Жағдай өте қиын болды, Сабина Серікқызының көмегі болмағанда мәселеміз шешілмес еді, — деп жазады 52 жастағы ауыл тұрғыны. – Құжатты бірнеше мәрте алмақ болдық. Біз жеке куәліксіз медициналық қызметтерді ала алмай, біраз қиналдық. Осы жылдың ақпан айында біз Сабина Серікқызына тағы да жүгіндік, құжаттарды жинау бойынша кеңес алдық. Барлық қажетті құжаттарды жинап, оған тапсырдық, нәтижесінде оң жауап келді. 10 жұмыс күні ішінде біз көптен күткен құжатты алдық. Сабина Серікқызы өте жауапты, сауатты қызметкер».
Алғыс 5 сәуір күні келіп түсті – 1993 жылы Министрлер Кабинеті № 256-шы «Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ереже» қаулысын қабылдады және елдегі паспорт-виза қызметі қайта ұйымдастырылған болатын.
«Кәсіби мереке күні алғыс сөздер көші-қон қызметінің барлық қызметкерлері үшін ең жақсы сыйлық болды», - деп атап өтті СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ермек Нұсырбаев. – Көршілес мемлекеттің үш облысымен шекаралас орналасқан аймақта көші-қон қызметкерлерінің жұмысы ерекше маңызға ие. Қызметкерлер көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді, бұл полиция қызметтерінің құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі жалпы жұмысының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia