ІІМ жүйесінің ардагері тонауды ашқан Петропавл полицейлеріне алғысын білдірді

ІІМ жүйесінің ардагері тонауды ашқан  Петропавл полицейлеріне алғысын білдірді

СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың атына 25 жылдық еңбек өтілі бар ішкі істер органдарының зейнеткерінен хат келіп түсті. Ол және оның жұбайы Петропавл қ. ПБ бірінші полиция бөлімінің қызметкерлеріне ауыр қылмысты жедел ашқаны үшін алғыстарын білдірді. Қаңтар айының соңында олардың 23 жастағы ұлына қарақшы шабуыл жасап, ұрып-соғып, құны 180 мың теңгеге жуық ұялы телефонын тартып алған. Жас жігіт таңертең полицияға жүгінді. ІІО зейнеткері бірінші ПБ қызметкерлерінің іс-әрекеттерін келесідей сипаттайды: «Дереу тиісті жедел-іздестіру іс-шаралары қабылданды, оқиға орнына іргелес барлық бейнекамералардағы жазбалар тексерілді, жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері хабардар етілді...».

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бір тәуліктен кейін тонау жасады деген күдікпен 28 жастағы Петропавл тұрғыны ұсталды. Одан ұрланған телефон тәркіленді. Бұған дейін ер адам осындай қылмыстар жасағаны және бұзақылық үшін бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта ол қамауда, қылмыстық іс материалдары Петропавл қаласының сотында қаралып жатыр. «Қысқа мерзім ішінде қауіпті қылмыскер анықталып, оқшауланды, — дейді жәбірленушінің әкесі. — ІІО-ның бұрынғы қызметкері ретінде полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын, жеделдігі мен еңбекқорлығын атап өтуге қуаныштымын». Зейнеткер бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжановқа, оның жедел және тергеу жұмысы жөніндегі орынбасарлары Қанат Орынбасаров пен Азамат Ташевқа, криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Ерлан Жантасовқа, аға жедел уәкіл Жаслан Мұратовқа, жедел уәкіл Темірлан Садриевке және тергеуші Светлана Балашоваға алғысын білдірді.

«Барлық қызметкерлер өз міндеттерін орындады, — дейді Тілеген Әлжанов. — Дегенмен, ІІО зейнеткерінің жұмысқа берген жоғары бағасы қызметті одан әрі мінсіз атқаруға ынталандырады».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia