СҚО-да қару-жарақ жасырылған жер табылды

СҚО-да қару-жарақ жасырылған жер табылды

Солтүстікқазақстандық полицейлер жедел ақпаратты тексеру кезінде Петропавлда ұлттық қауіпсіздік комитеті және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерімен бірлесіп қару-жарақ жасырылған орынды тапты.

Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінің шетінде скотчпен оралған қара кенеп қапшық табылды. Ішінде аңшы шолақ мылтығы, болшам бойынша «Байкал» маркалы тапанша, белгісіз маркалы револьвер, «РГД-5» гранатасының муляжі болды. Бұдан бөлек, тегіс ұңғылы және иір ойықты қарудың оқ-дәрілері болды: 7,62 мм 30 патрон, 16-шы калибрлі 53 патрон, 12-ші калибрлі 2 патрон, 5,6 мм 6 патрон, 9 мм 145 патрон.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленіп алынды. Олар сот-баллистикалық сараптамасына жіберіліп, атуға жарымдылығы және қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді заңсыз пайдаланған тұлғаны анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Полицейлер ескерткендей, ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мерзімге айыппұл салудан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia