Полицейлер Петропавл тұрғынынан 300 грамнан астам түрлі есірткі тәркіледі

Полицейлер Петропавл тұрғынынан 300 грамнан астам түрлі есірткі тәркіледі
Полицейлер Петропавл тұрғынынан түрлі есірткі тәркіледі. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық прокуратураның үйлестіруімен 36 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істей отырып, синтетикалық есірткіні буып-түюмен және таратумен айналысқаны үшін күдіктелуде. Ұсталғанның тұрғылықты жерін тінту кезінде 2 полимерлі ыдыс және сатуға дайындалған ішінде кесек тәрізді заттары бар 109 полимерлік түйіншек, электрондық таразылар, «зиплок» пакеттері және есірткі сатушылардың басқа да құрал-жабдықтары тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар салмағы 155 грамнан асатын α-PVP синтетикалық есірткісі және салмағы 129 граммға жуық мефедрон болып шықты. Сондай-ақ тәркіленгендердің арасында 50 грамм гашиш болды.

«Ұсталған әйел қазіргі уақытта қамауда», - деп хабарлайды СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Баптың санкциясына сәйкес, есірткі заттарымен аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз жұмыс істеу 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia