
Қыстың кетуімен Петропавл көшелерінде мотоциклдер, скутерлер мен велосипедтер пайда бола бастады. Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды жоғары қырағылыққа шақырады.
Кейде автокөлік жүргізушілері скутерлерді қозғалыстың қатысушылары ретінде қабылдай бермейді, оларды автокөліктердің ағынында да байқамайды. Наурыздың соңғы күндерінде Потанин көшесіндегі дүкен тұрағынан шыққан "Lada Kalina" автокөлігінің жүргізушісі скутеристке қозғалыс артықшылығын бермеді, бұл өз кезегінде оған төтенше жағдай туғызды. Апат салдарынан скутердің жүргізушісіне медициналық көмек қажет болды. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 606-бабы бойынша хаттама жасалды. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды.
"Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, скутер иелері жол қозғалысы ережелерін жиі бұзады", — деп атап өтті Петропавл қ. ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Рүстем Тасболатов. - Естеріңізге сала кетейік, көлемі 50 текше см-ден аспайтын, конструктивті жылдамдығы 50 км/сағ-тан аспайтын ішкі жану қозғалтқышы бар мопедтер мен оларға теңестірілген қозғалыс құралдарын 16 жасқа толғаннан кейін басқаруға рұқсат етіледі. Бұл үшін жүргізуші куәлігі қажет емес, бірақ жол қозғалысы ережелерін толық білу және сақтау қажет. Маусымаралық ауа-райының қиын жағдайларында ерекше сақ болу керек. Естеріңізде болсын, дымқыл асфальт та, қатқан мұз да тежеуді қиындатады".
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia