Оқушылар коронавирусқа қарсы күресте ата-аналары мен жерлестеріне қолдау көрсетуде

Оқушылар коронавирусқа қарсы күресте ата-аналары мен жерлестеріне  қолдау көрсетуде

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында қауіпті індетті жұқтырған 26 адам тіркелді. Өңірде карантин енгізілген, оқушылар соңғы тоқсанның алғашқы оқу күніне шықты. Көктемгі демалыстың соңғы күндері Бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ-лицейінің 2 «ә» сынып оқушылары аты жаман індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген ата-аналары – полицейлердің, медицина қызметкерлерінің, әскерилердің суреттерін салды. «Әке, біз сізді үйде күтеміз!», «Біз біргеміз!», «Өзіңізді күтіңіз», «Барлығының сауығып кеткенін қалаймыз!» сынды әсерлі суреттерімен патриоттық клип жарыққа шықты. Лицейліктердің аналары бүлдіршіндердің суреттерін «Әр қашан күн сөнбесін!» символдық мәні бар әнге қосып, өз аккаунттарына орналастырды. Тек осы сыныптың өзінде-ақ 9 полиция қызметкері мен ардагерінің және 2 әскери қызметшінің балалары оқитын болып шықты...

Екінші сынып оқушыларының қолдауы ересектердің көңілінен шықты және аталған клип әлеуметтік желілер мен сайттардың ведомстволық аккаунттарына орналастырылады. Облыстық полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаевтың айтуынша, ерекше жағдайда қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері үшін солтүстікқазақстандықтардың кез келген қолдауы аса маңызды. Өңір полицейлері қызметті үш ауысымда атқарып жүр: індеттің тұрғындар арасында тарап кетуіне жол бермеу қажет. «...Қолдау көрсетіп жатқан біздің еріктілерімізге, түсіністік пен төзімділік танытып жатқан дәрігерлердің, полицейлердің, құтқарушылар мен әскерилердің отбасы мүшелеріне алғыс білдіремін. Кіп-кішкентай жүректеріндегі шексіз патриоттық сезімдері үшін оқушыларға ерекше ризамын!» - деді Полиция департаменті бастығы.

Облыс орталығын патрульдеуге күн сайын 500-ден астам полиция қызметкері мен әскери қызметшілер тартылады.

Мәдина Балғашоқова, СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы