"Динамо" спартакиадасының екінші түрі полицияның пайдасына 2:0 есебімен шешілді

"Динамо" спартакиадасының екінші түрі полицияның пайдасына 2:0 есебімен шешілді

СҚО-да құқық қорғау органдарының өкілдері арасында "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы жалғасуда. Спартакиаданың екінші түрі-волейболдан жарыс. Екі күндік ойындардың алдында іріктеу кезеңі — облыс аудандарындағы жарыстары өтті. Нәтижесінде "Динамо" стадионында үздік атағы үшін 18 құрама бақ сынасты. Үшінші орынды Петропавл қаласы полиция басқармасының жартылай финалға жеткен командасын жеңіп, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері иеленді. Облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлеріне спорттық сәттілік анағұрлым бет бұрды. Олар өздерінің негізгі спорттық бәсекелестері-ҚР Ұлттық ұлан академиясының құрамасымен күресті. Қызу күресте полицейлер 2: 0 есебімен бірінші орынды иеленді. СҚО ПД аппаратының қызметкері Темірлан Байжанов жарыстың үздік қорғаушысы болып танылды. "Үздік шабуылшы" номинациясында кубокпен Александр Омельченко (ҚАЖД), ал үздік ойыншы Манас Нұрмаханов (ҚР ҰҰ академиясы) атанды.

"Барлық жүлдегерлерге дене шынықтыру-спорт қоғамынан кубоктар мен грамоталар, естелік сыйлықтар табыс етілді", — дейді "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тұғынбаев. - Спортпен шұғылдану құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене дайындығын дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді, командалық рухты нығайтады. Құқық қорғау органдарының алдында спартакиаданың үшінші түрі-Президенттік шақырым күтіп тұр".

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia