104 жоғалған адамды жыл басынан бері СҚО полицейлері іздестірген

104 жоғалған адамды жыл басынан бері СҚО полицейлері іздестірген

Жоғалған адамдарды іздеу-қриминалдық полиция бөлімшелерінің маңызды жұмыс бағыттарының бірі. Тәртіп сақшылары атап өткендей, адамдардың белгісіз жоғалып кету себептері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ көбінесе мұндай фактілер алкогольді теріс пайдалану әдетімен байланысты болады. Бір жағдайда туыстары полицияға ақпан айында жұмысқа кетіп, 52 жастағы петропавлдық қайтып оралмағаны туралы өтінішпен жүгінді. Бұл қаржылық жағдайы жақсы отбасында ата-анасымен бірге тұратын ер адамның үйден бірінші рет жоғалып кетуі емес еді. Достарының, таныстарының үйінде, сондай-ақ үйреншікті жерлерде жоғалған адамның жоқ екендігі анықталды. Кейіннен белгілі болғандай, бұл жолы ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар арасынан жаңа таныстар тауып, қайыр сұрай бастаған — бұл кәсіптің үстінде оны полиция қызметкерлері тауып алды. Тәртіп сақшылары оның туыстарына ер адамды алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберуді ұсынды.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев: "Жоғалған адамдар өздерінің жоспарлары туралы хабарлауды ұмытып, табыс табу мақсатымен кететін жағдайлар да бар", — деп түсіндіреді. - Адамдардан туыстарының сезімдеріне құрмет көрсетуді, олардың қимылдары туралы алдын ала хабарлауды, жақындарымен байланысты жоғалтпауларын сұраймыз. Жыл басынан бері облыс бойынша хабар-ошарсыз кеткендер бойынша барлығы 104 өтініш тіркелді, бүгінде барлық жоғалған адамдардың орналасқан жері анықталды".