СҚО құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлері төтенше жағдай кезеңінде ерекше режимде қызмет атқаруда. Петропавл қ. карантин енгізілгелі облыс орталығы көшелерін патрульдеу күшейтілді. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтауға ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттары, әскери қызметшілер тартылды. Петропавл қ. көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жалпы 500-ден астам полиция қызметкері, әскери қызметшілер мен курсанттар жұмылдырылды. ТЖ режимі кезінде полицейлер блокбекеттерде қызмет атқарып, коронавирустық инфекция ошақтарын күзетеді. Қауіпті індеттің таралуына қатысты орнатылған шектеу шараларының қатаңдатылғанына қарамастан кейбір қала тұрғындары талаптарды елемеуде, бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына ықпал етуі мүмкін. СҚО-да төтенше жағдай режимін бұзудың 70-тен астам фактісі анықталды, оның 30-дан астамы карантин кезеңінде орын алды.
СҚО ПД баспасөз қызметі