
«Есірткісіз болашақ үшін!». Осындай ұранмен СҚО полиция департаменті құрамындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы жастар ресурстық орталығы қаладағы әуесқой командалар арасында баскетболдан турнир ұйымдастырды.
Бұл бастаманы жастармен қатар спорт ардагерлері, оқытушылар да қолдады. Ойыншылар «Жеңіс» олимиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің спорт залында төрт күн бойы мықты команданы анықтады. Сайысқа қатысқан алты команданың ішінде үздік болып «Northkaz Basketball Bears» танылды. Екінші орынды гуманитарлық-техникалық колледждің, ал үшінші орынды спорт ардагерлерінің құрамасы иеленді.
Сондай-ақ, «турнир аруы» номинациясы Айару Қуанышбайға берілді. Ал «турнирдің үздік мергені» Ақан Рамазанов болды.
«Аталған іс-шараның мақсаты – спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау. Жастар арасында кең танымал баскетбол ойыны арқылы бүгінгі өскелең ұрпақты спортпен айналысуға, нашақорлыққа бет бұрмауға шақырамыз. Жыл басынан бастамашыл жастардың қатысуымен 100-ден астам іс-шара өткіздік. Осындай алдын алу сипатындағы іс-шараларды өткізу өте маңызды», - дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди.
Жыл басынан өңірде 62 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 21-і – есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау және 15-і – өткізу фактілері. Заңсыз айналымнан 22 кг.76 гр. түрлі есірткі заттары, оның ішінде 535 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia