СҚО-да тыйым салынған әдебиеттерді алып өткізбек болған ер адамға 70 АЕК көлемінде айыппұл салынды

СҚО-да тыйым салынған әдебиеттерді алып өткізбек болған ер адамға 70 АЕК көлемінде айыппұл салынды

Қазақстанға тыйым салынған әдебиеттерді тасымалдау әрекеті Ресей Федерациясының Қорған облысымен шекарада, "Жаңа жол" өткізу пунктінде тіркелді. СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мамлют ауданы ПБ қызметкерлерімен және шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп 27 жастағы ер адамнан діни мазмұндағы кітап тәркіленді, ол 2020 жылы Нұр-сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен экстремистік және террористік әдебиет деп танылған. Ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабының 4-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Мамлют ауданының әкімшілік соты оған 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы айқындаған стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салады.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia