Өскемен қаласының тұрғыны Петропавлдың такси жүргізушілерін алдады деген күдікпен ұсталды

Өскемен қаласының тұрғыны Петропавлдың такси жүргізушілерін алдады деген күдікпен ұсталды

Алаяқтың құрбаны болған үш такси жүргізушісі Петропавл қаласының полициясына жүгінді. Алаяқ азық-түлікті әкімдікке жеткізуге тапсырыс беріп отырған. Ол азық — түлік сатып алуды сұраған, сонымен бірге тауарды алған кезде толық есеп айырысуға уәде беріп, телефон нөміріне шамамен 20 мың теңге салуды өтінген. Ақшаны алғаннан кейін, ол қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан. Интернет - алаяқтықты ашу жөніндегі арнайы жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Өскемен қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол қызметтік іссапар барысында ұсталды.

"Бұл фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 190 — бабының 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дархан Зияфиддин. — Күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар болу мүмкіндігі тексерілуде. Естеріңізге сала кетейік, интернеттегі алаяқтық тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін, кез-келген қаржылық мәселелерді заманауи байланыс құралдары арқылы шешкен кезде аса қырағылық танытқан жөн".


#Nauryz #Наурыз #ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia