Петропавл тұрғыны полицияға өз еркімен патрон тапсырды

Петропавл тұрғыны полицияға өз еркімен патрон тапсырды

Петропавл тұрғыны заңсыз сақталған 7 шағын калибрлі оқ-дәрілерді тапсыру үшін өз еркімен полицейлерге жүгінді. Қауіпті заттар алынып, сараптамаға жіберілді. Тәртіп сақшыларымен қала тұрғынының іс-әрекетінде басқа қылмыс құрамы бар-жоғы тексеріліп, содан кейін ол оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін жауапкершіліктен толығымен босатылатын болады.

Аталған факті 15 наурызда бастау алған "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тіркелді. ЖПІШ барысында полиция кең ауқымды міндеттерді шешеді. Акценттердің бірі-тіркелмеген қаруды сақтау жағдайларын анықтау, іс-шараның 2 күнінде осындай 2 факт анықталды. Полицияның әр түрлі есептерінде тұрған адамдар жаппай тексерілуде-барлығы 15 наурыздан бастап тәртіп сақшылары 1477 адамды тексерді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимінің 12 бұзушылығы және отбасылық жанжалқойларға қатысты сот шығаратын ерекше талаптардың 11 бұзушылығы анықталды. Сондай-ақ, тексеру барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттердің 34 жағдайы тіркелді.

«2 күн ішінде 818 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлады СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. — Ең жиі кездесетіндердің қатарында — ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу. Жұмыс барысында 54 адам уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына жеткізілді. Тәжірибе көрсеткендей, алкогольді асыра пайдалану - маңызды криминогендік факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, екі тәулік ішінде полиция қызметкерлері 6 мас жүргізушіні тоқтатты. Олардың әрқайсысы апатпен аяқталуы мүмкін еді.

Сондай-ақ, ЖПІШ барысында іздеуде жүрген 16 адам және есірткі заттарын заңсыз пайдаланғаны үшін 4 адам ұсталды.


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia