СҚО полицейлері көктайғақ кезінде сақ болуды ескертеді

СҚО полицейлері көктайғақ кезінде сақ болуды ескертеді

Солтүстік Қазақстан облысына көктем келіп, ауа температурасы көтеріле бастады. Алайда жолдардағы күндіз еріген қар мен мұз түнде қатқаққа айналады. Осыған байланысты облыс полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтті.

15 наурыз күндіз «Челябі-Новосібір» тас жолының Аққайың ауданы арқылы өтетін учаскесінде «Lada Granta» және «Toyota Highlander» автокөліктері соқтығысып қалды. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан «Lada Granta» автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

«Қазір ауа райы алдамшы. Жол үстінде барынша сақ болу керек, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Көктайғақ кезінде жылдымдықты асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтаған дұрыс. Осы негізгі қағидаларды ұстанатын жүргізушілердің кенеттен қауіп туындаған жағдайда уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндігі болады».

Үстіміздегі жылдың екі айында өңірде 33 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам көз жұмып, 62 адам жарақаттар алды.


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia