
Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында екі айда балалардың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан бір бала қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Көктемгі демалыс және жаз мезгілі қарсаңында ішкі істер министрлігінің бастамасымен "Бала және бағдаршам" республикалық акциясы өткізілуде. Акция аясында полицейлер балалармен және олардың ата-аналарымен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру жұмыстарын жандандырды.
№ 17 қалалық орта мектептің бесінші сынып оқушылары үшін реттеушінің қимылдарын түсіндіру, бос емес қиылыстағы жағдайды модельдеу, жол белгілерін түсіндіру – аталған тақырыптарда погондардағы адамдар кезекті сабақты өткізді. Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы полиция аға лейтенанты Жангелді Қоржыбаев жас жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі ережелері туралы қолжетімді түрде айтып берді. Қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар жөніндегі полицияның аға учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Жанат Мұстафина балаларға ұсақ бұзақылық, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта қыдырғаны үшін жауапкершілік туралы бөлек айтып берді.
"Жылы күндердің басталуымен жыл сайынғы автотрафик арта түседі, ал мектеп демалысының басталысымен аулалар мен жолдардағы балалар саны артады", – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. - ЖКО қаупін азайту үшін, оның ішінде балалардың қатысуымен біз ұстаздармен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргіземіз. Тәжірибе көрсеткендей, тек балалар ғана жолда күтпеген мінез-құлық танытып қана қоймайды, сонымен қатар кейбір ата-аналар да жол қозғалысы ережелерін жақсы біле бермейді. Сондықтан кезекті рет барлық ересектерден айналасындағыларға жол ережелерін қатаң сақтауды жеке мысалмен көрсетулерін сұраймыз".
Жыл басынан бері СҚО-да жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Жазғы демалыстың басталу қарсаңында бұл жұмыс күшейтіледі.
Жалпы, жыл басынан бері облыста 33 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 62 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia