Петропавл полицейлері тұрғындарға шектеу шаралары кезіндегі ережелерді түсіндіруде

Петропавл полицейлері тұрғындарға шектеу шаралары кезіндегі ережелерді түсіндіруде

Коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 1 сәуірден бастап шектеу шаралары енгізілді. Осыған орай петропавлдық полицейлер шектеу шараларын ұстану бойынша жұмыстарды қолға алды. Қалалық полиция басқармасының алдында өткен кезекшілік атқару орындарына таратуда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Самат Барменбаев облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысының негізгі тармақтарын түсіндіріп өтті.

Полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Әсіресе, төтенше жағдай режимінің талаптарын түсіндіру және профилактикалық шараларға ерекше мән беріледі. Тәртіп сақшыларының айтуларынша, көшеде тек жаяу ғана емес, көлікпен жүруді шектеген де абзал. Үйден тек дүкенге, дәріханаға, дүкенге, жұмысқа, қоқыс шығарған жағдайларда ғана, яғни ерекше қажеттілік туындаған кезде шығу қажет.

Патрульдік полиция экипаждары бейнебақылау операторларымен тығыз жұмыс істейді, жаяу жүргіншілермен профилактикалық сипаттағы әңгімелесулер жүргізеді. Тәртіп сақшылары адамдар көп шоғырланатын орындарда 3 адамнан артық жиналмауға кеңес береді (отбасы мүшелерін қоспағанда). Адамдардың арасындағы арақашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс. Шектеу шаралары енгізілген кезеңде кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынды. 65 жастан асқан азаматтар өздерін оқшаулап, жүрісті шектеуі қажет.

«Қабылданып жатқан барлық шаралар адамдардың денсаулығы мен амандығына бағытталған. Бүгін біз түсіндіру жұмыстарын күшейттік. Тұрғындар біздің жұмысымызға түсіністкіпен қарайды деген сенімдеміз. Шектеу шараларымен белгіленген талаптарды елемеген және сақтамаған жағдайда біз әкімшілік шараларды қабылдауға мәжбүр боламыз», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Сауда орындарын тексеруге ерекше назар аударылады. Олардың иелері маскалық режимді қамтамасыз етуі тиіс. Келушілер маскасыз кірмеуі қажет. Әр клиенттің антисептикті қолдануға мүмкіндігі болуы қажет. Ереже бұзушылар үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша жауапкершілік көзделген. Оның санкциясы – ескерту беру, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немес 15 тәулікке дейін қамаққа алу.

Полицейлер ескертіп өткендей, адамдардың өмірі мен денсаулығы олардың төтенше жағдай режимінің талаптарын сақтауымен тікелей байланысты.
Ел аумағында төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап Солтүстік Қазақстан облысында Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша 41 әкімшілік хаттама толтырылды.

Игорь Мерцалов, СҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы