9-12 наурыз аралығында "Жасөспірім" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жастардың ықтимал жиналу орындары бойынша күшейтілген рейдтер өткізілді. Полицейлер кәмелетке толмағандардың ата — анасының еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болуының 110 фактісін тіркеді, оның 16-сы Петропавл қаласы бойынша. 8 жасөспірім мас күйінде байқалды: 4 аудандарда және 4 - облыс орталығында. Құқық бұзушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қолайсыз отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізілді. Петропавлда ювеналды полицейлер 60-тан астам мекен-жайға барды. Сондай-ақ, аралау нәтижелері бойынша 1 алкогольді асыра пайдаланатын ата-ана мен 3 жасөспірім есепке алынды. Солардың біріне анасының өзі шара қолдануды өтінді. Белгілі болғандай, 16 жастағы жасөспірім үйден бірнеше рет өз еркімен кетіп қалған.
"Енді онымен профилактикалық жұмыс жүргізілетін болады, қайталанған құқық бұзушылықтар кезінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысына материал жиналуы мүмкін", — дейді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Оңалбек Әбдікәрімов. - Сондай-ақ, ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері мектептерге сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарына қатысу үшін келді. Олар қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтып, заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты — кәмелетке толмағандардың оларға қатысты да қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу".
Іс-шара барысында барлығы 176 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 46 заңды өкіл жауапқа тартылды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia
