СҚО полицейлері 10 күнде 27 заңсыз қаруды тәркіледі

СҚО полицейлері 10 күнде 27 заңсыз қаруды тәркіледі

Облыста 10 күндік "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы аяқталды. Ол заңсыз айналымнан тіркелмеген қару мен оның оқ-дәрілерін алуға бағытталған.

Қылмыстық полиция бөлімшелері учаскелік инспекторлармен тығыз байланыста жұмыс істеді. Қызылжар ауданында Соколов кенттік полиция бөлімшесінің қызметкерлері екі ауылдың 57 және 60 жасар тұрғындарының үйлерінде тіркелмеген "ИЖ" және "ТОЗ" аңшылық мылтықтарын анықтады. Екі адамның да берген түсініктемесі бір: қару әкелерінен қалған. Ауыл тұрғындары жауапкершілікке тартылды.

"Қаруды туыстарынан еске қалған естелік ретінде қалдыруға болмайды – дейді криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. - Иесі қайтыс болған жағдайда қаруды полицияға сақтауға тапсырып, кейіннен өз атына тіркелу немесе комиссиялық сату туралы шешім қабылдау қажет. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабына сәйкес ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады".

Небәрі 10 күн ішінде СҚО полицейлерімен 27 бірлік тіркелмеген атыс қаруы, 2 бірлік суық қару және 157 түрлі калибрлі патрон заңсыз айналымнан алынды.


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia