СҚО полицейлері жол үстінде жүргізушілерге көмектесуде

СҚО полицейлері жол үстінде жүргізушілерге көмектесуде

Жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге патрульдік полицейлердің көрсеткен көмектерінің бәрі бірдей белгілі бола бермейді.

28 наурыз күні Қызылжар ауданының Чапаево аулының маңында «Астана-Петропавл» автожолында баласымен бірге Ақмола облысынан Петропавлға келе жатқан отбасының «Subaru» автомобилі сөніп қалады. Жанармай отынының деңгейін көрсететін көрсеткіш істен шығып, жақын маңдағы жанармай құю станциясына 15 км. қалған жерде машина тұрып қалған. Құрамында полиция кіші лейтенанттары Данияр Жақыпов пен Ернар Мұқанов бар патрульдік полиция батальонының экипажы тоқтап, мән-жайды анықтаған соң, тәртіп сақшылары жүргізушіні жанармай құю станциясына апарып, көліктің багына бензин құюға көмектескен. Ақмолалықтар өздерінің алғыстарын смартфон камерасына жазып, облыстық ПД баспасөз қызметіне жіберген. «Зор алғысымызды білдіреміз. Көмектің кенеттен болатынын күтпеген едік.. Жол үстінде патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегіне өте ризамыз», - дейді отанасы.

Бұрынырақ, 26 наурыз күні полиция аға лейтенанты Азамат Таласбаев пен полиция лейтенанты Рүстем Рамазанов Бәйтерек ауылы тұрғынының Полудино а. маңында сынып қалған автомобилін үйіне дейін сүйреп жеткізді. Олар кезекші бөліміне хабарласып, бағыттан уақытша ауытқу себептерін түсіндірген. Сол себепті бұл жағдай мәлім болды.

Тағы бір алғыс 30 наурызда Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды. Қолданушылардың бірі «Типичный Петропавловск» тобында былай деп жазған: «Полиция қызметкерлеріне алғыс білдіргім келеді. Жолда сәтсіздікке ұшырап, дөңгелегіміз жарылды, машинаны көтергенде домкрат та істен шықты. Домкрат беріп, көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне зор алғыс білдіреміз...»

ППБ қызметкерлері өз әрекеттерін ерлікке санамайды, көбіне айта бермейді, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Олардың басты міндеті – қозғалыс қауіпсізідігін қамтамасыз ету. Сондықтан кез келген қиын жағдайда, мүмкін болған кезде, көмектерін аямайтын қызметкерлерді мақтан етеміз».

Игорь Мерцалов, СҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы