Петропавл тұрғыны полиция қызметкерлеріне саяжай ұрлығын ашқаны үшін алғысын білдірді

Петропавл тұрғыны полиция қызметкерлеріне саяжай ұрлығын ашқаны үшін алғысын білдірді

Қаңтар айының соңында қала тұрғыны Новопавловка кентіндегі саяжай қоғамдарының бірінде металл бұйымдарының — құбырлардың, торлардың және өзге де заттарының жоғалғандығын анықтады. Ол залал сомасын 40 мың теңгеге бағалады. Оның айтуынша, ол полицияға сәттілікке үмітсіз жүгінген. Осыған қарамастан, ақпан айының ортасына қарай Петропавл қ. ПБ бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері оны ұрлық жасады деген күдікпен өтелген соттылығы бар Петропавл қаласының 42 жастағы тұрғыны ұсталғаны туралы хабармен қуантты. Ұрланған заттар металл қабылдау пунктінен алынып, иесіне қайтарылды. ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлерінің кәсібилігі және ұқыптылығымен әсерленген қала тұрғыны алғыс хат пен бейнежазба жазды, онда ол бірінші бөлім қызметкерлеріне, атап айтқанда жедел уәкіл Жаслан Мұратов пен тергеуші Надежда Гребневаға алғысын білдірді.

"Пуаро артта қалды! – деді заттары табылған әйел. - Мен өмірде мұндай нәрсе болатынына сенбеген болатынмын. Қылмыстың алышуы үшін қандай кәсіпқойлық қажет болғанын тіпті елестете алмаймын: куәгерлер жоқ, қар басып кеткен. Соған қарамастан, қызметкерлер ұрланған заттарды тауып берді. Оларға үлкен рахмет!»

Полицейлер саяжай қауымдастықтарының мүшелеріне мүлікті қорғау шараларын қабылдауға, қысқы кезеңде саяжай учаскелерін жиі тексеруге, ұрлық анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлауға кеңес береді. Уақтылы жүгіну қысқа мерзімде қылмыстың ашылу мүмкіндігін едәуір арттырады.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia