
Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері пәтер және қалта ұрлықтарын жасады деген күдікпен екі адамды ұстады.
Павлодар қаласының 31 жастағы және Алматы қаласының 38 жастағы тұрғындары жұптасып әрекет ету үшін Петропавл қаласына келген. Олар пәтер тонап, қалта ұрлығымен айналысуды ойластырыпты. Екеуі де бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет істі болған.
Пәтерлерден – 5, сауда сөрелерінен – 2 және 1 қалта ұрлығы – полиция қызметкерлері қалаға келген «меймандардың» 8 қылмысқа қатыстылығын дәлелдеді. Жедел уәкілдер барлық фактілерді салыстыра отырып, бейнекамералардағы жазбаларды тексеру нәтижесінде олардың ізіне түскен.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабының 1 және 3-бөліктері «Ұрлық» бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Полицейлер ұсталған тұлғалардың басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Юрий Клыков, СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторы