СҚО-да саңырауқұлақ теруші орманда мылтық тапты

СҚО-да саңырауқұлақ теруші орманда мылтық тапты

СҚО полицейлері тіркелмеген қаруды жасырған адамдарды оны полицияға өз еркімен тапсыруға шақырады. Бұл қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаудың жалғыз жолы. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабына сәйкес, заңсыз сақтағаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Дәл осындай жаза Аққайың ауданының 45 жастағы тұрғынына қауіп төндіруде. "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері одан "ИЖ-58" маркалы тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықты тауып алған. Қару үйдің бір бөлігінде сақталып тұрған. Ер адам оны күзде саңырауқұлақ теріп жүрген кезде орманда тапқанын және аң аулаумен айналыспаса да, оны өзінде қалдыруға шешім қабылдағанын түсіндірді.

"Мылтық сараптамаға жіберілді", — деп нақтылады аудан ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров. — Егер ол атыс қаруы деп танылса, құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша жауапкершілік жүктеледі. Қару табылған жағдайда бұл туралы дереу полицияға хабарлау керек. Естеріңізге сала кетейік, тіркелмеген қару қауіпті: ол жазатайым оқиғаны тудыруы немесе қылмыстық мақсатта қолды болуы мүмкін".

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia