Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Көші-қон қызметтері орталықтарының уақытша жабылуына байланысты келесі мемлекеттік қызметтер азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі:
- - Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару;
- - шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру;
Ерекше өкімге дейін төмендегі мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі тоқтатылды:
- - Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру, сонымен қатар азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру;
- - Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу;
- - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу;
- - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттама беру;
- - еңбек иммигранттарына рұқсаттама беру;
- - уақытша тұруға рұқсаттама (УТР) беру және ұзарту (емделуге, туыстарын жерлеуге байланысты шетелге шығу бойынша қабылдайтын жақпен растайтын құжаттар ұсынған кезде УТР алу мәселесі жөнінде шетелдіктер жүгінгенде, төтенше жағдай аяқталған соң елде болу үшін құжаттарды ұсынған шетелдіктерге- уақытша тұру рұқсатын беру, елден кетіндерге- анықтаманы беру).
- - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту (төтенше жағдай аяқталғаннан кейін елде болу үшін құжаттар тапсырған шетелдіктерге - уақытша тұруға рұқсат немесе тиісті визаларды, ал елден кететіндерге - анықтама немесе шығу визаларын беру).