СҚО-да қарлы боранға түскен балықшылар полицейлер мен жергілікті тұрғынға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

СҚО-да қарлы боранға түскен балықшылар полицейлер мен жергілікті тұрғынға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

44 және 24 жастағы Тайынша ауданының екі тұрғыны облыстың ірі су айдындарының бірі — Чаглы көліне балық аулауға аттанады. Түнде қарлы боран басталып, олар үйге оралуға шешім қабылдаған, бірақ олардың "ВАЗ-2110" көлігі қардың астында қалып қойған. Түні бойы балықшылар қалың қардан өтіп, таңертең ерте телефон арқылы көмекке жүгінді.

Аудандық полиция бөлімінен сигнал алған кезде, бірден учаскелік инспекторларЕрлан Ибраев пен Талғат Бейсенбаев жолға шықты. Олармен бірге көлді және оның айналасын жақсы білетін Чермошнянка ауылының 48 жастағы тұрғыны Николай Долиненко да барған. Топ әлсірегенСҚО-да қарлы боранға түскен балықшылар полицейлер мен жергілікті тұрғынға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты балықшыларды тауып алды. Бірлескен күш-жігермен жолды тазалап, қызметтік "Нивадағы" тәртіп сақшылары балықшыларды жағаға шығарды. Сол күні ауыл тұрғындарының үлкені полиция қызметкерлері мен жерлесіне СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың атына жолдаған хатында алғыс айтты.

"Учаскелік полиция инспекторы — ауылдық жерлерде құқықтық тәртіпті сақтаудағы басты тұлға", — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. - Қоғамдық қауіпсіздіктің түрлі мәселелерін шеше отырып, УПИ қызметінің қызметкерлері қиын жағдайларда адамдарға көмекке жиі келеді. Алғыс сөздер қызметкерлерді қолдайды және қоғамның игілігі үшін одан әрі қызмет етуге ынталандырады".

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia