Қырағылықты тексеру: Петропавлдағы қару-жарақ дүкенінің сатушысы "дабыл түймесін" басқан

Қырағылықты тексеру: Петропавлдағы қару-жарақ дүкенінің сатушысы "дабыл түймесін" басқан

Петропавлдың қару-жарақ дүкендерінің біріне бейтаныс адам кіреді. Ол дүкенге кірмес бұрын сырттағы баспалдақта сөмке қалдырып кеткен. Оның өзін-өзі ұстауы сатушының күдігін туғызды. Сатушы ішке енген ер адам террорист болуы мүмкін деп болжап, «дабыл түймесін» басып, есіктерді бұғаттап, қосалқы есік арқылы шығып кетеді. 3 минуттан кейін оқиға орнына күзет агенттігінің қызметкерлері, одан кейін Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының жасақтары келді. Оқыс оқиғаның алдын алу үшін олар төңіректі қоршауға алды. Қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығы қырағылықты арттыру үшін бұл оқиға жайлы басқа қару-жарақ дүкендеріне хабарлады. Есік алдында қалдырылған сөмкені тексеру үшін жарылғыш заттар бойынша мамандар шақырылды.

Бұл СҚО бойынша ҰҚКД терроризмге қарсы орталығының объектілерді тексеру жөніндегі эксперименті болды. Дүкен қызметшілері мен барлық мүдделі қызметтердің әрекеттері қанағаттанарлық деп бағаланды.

Полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілердің персоналымен және террористік қауіп туындаған жағдайда іс-қимыл тәртібі бойынша жеке күзет құрылымдарының қызметкерлерімен тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia