2 миллион теңге сомасындағы ұрлық ашылды

2 миллион теңге сомасындағы ұрлық ашылды

25 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының полиция бөліміне ауылдардың біріндегі үйден ұрлық жасалғаны туралы хабар келіп түсті. Белгісіз қылмыскер үйдің есігіндегі құлыпты жұлып алып, шағын сейфті қолды қылған. 2 миллион теңгеден астам қаражат пен алтын бұйымдар қаскөйлердің олжасына айналды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қызметкерлер екі ай бойы барлық нұсқаларды тексерді. Келіп түскен ақпарат пен бейнекамералардан алынған жазбаны салыстыра отырып, сондай-ақ көзге түскен барлық көлік құралдарын тексерген сақшылар Көкшетау қаласының 1967 жылы туған бұрын мүліктік қылмыстар үшін сотталған тұрғынының ізіне түсті. Жедел-тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қымыскер лақтырып жіберген сейф пен ұрланған заттардың бір бөлігі табылды.

Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Марат Әлжановтың айтуынша, күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол келтірілген шығынды тергеу барысында өтеді.

Игорь Мерцалов, СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы