Полицейлер жалған ақпараттың таралуына жол бермеді

Полицейлер жалған ақпараттың таралуына жол бермеді

СҚО полицейлері жалған ақпараттың таралуын болдырмау бойынша жұмысты күшейте түсті. Тек өткен тәулік ішінде өңірде елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жалған ақпарат таратудың екі фактісі анықталды. Тайынша ауданында полицейлер қауіпті індет жұқтырған-мыс аудан тұрғынының нақты мәліметтері мен тұрғылықты жері көрсетілген аудио хабарламаның авторын анықтады. Хабарламада әйел солтүстікқазақстандықтың диагнозы расталып, комиссияның жұмыс істеп жатқанын хабарлаған. Тайынша қ. 39 жасар тұрғыны бұл хабарламаны «WhatsApp» мессенджері арқылы құрамында 10-нан астам адам бар достар тобына жіберген. Топтағылар бұл жалған ақпаратты ары қарай өздерінің чаттары бойынша таратып жіберген. Жалған хабарлама бір күн ішінде жүздеген аудан тұрғынына жетіп, жергілікті тұрғындар арасында үрей тудырды. Іске жедел уәкілдер кірісіп, таратушыны жедел анықтады. Көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Әйел жерлестерінен кешірім сұрады.

Петропавлда жедел уәкілдер коронавируспен ауырған екі адам туралы және алдағы уақытта облыс орталығының карантинге жабылатыны жөнінде отбасылық чатқа хабарлама жіберген облыс орталығының тұрғынын анықтады. Төнген қауіп және қосыша шектеу шаралары туралы ескерту мақсатында топ қатысушылары аталған жалған ақпаратты таныстарына жіберген. Сондай-ақ, Мамлют ауданында полицейлер жергілікті пабликтерге мониторинг жүргізу кезінде аудан орталығында анықталған індет туралы жалған комментарий орналастырған ер адамды анықтады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабымен жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан ауыруға дейін жауапкершілік көзделген. Егер бұл төтенше жағдай кезінде орын алса, онда үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. «Халық арасында дүрбелең туғызатын жалған ақпараттың таралуын анықтау және жолын кесу мақсатында мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Осындай фактілер әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге мониторинг жүргізу барысында анықталады. Облыс тұрғындарынан тәртіпті сақтауға, уәкілетті органдардың талаптарын орындауға, тыйым салынған және шектеу қойылған шараларды қолдануға, жалған хабарламаларды елемеуге және ресми ақпарат көздерін ғана басшылыққа алуға шақырамыз. Бұл пабликтердің әкімшілеріне де қатысты, олар да ақпарат орналастырған кезде сенімді мәліметтерге жүгінулері керек», - деді СҚО ПД басқармасының бастығы Руслан Мұхамбетжанов. Көп жағдайда көбісі оның салдары туралы ойланбастан жалған және расталмаған ақпарат таратады».

Динара Сағындықова, СҚО ПД баспасөз қызметі