Полицейлер медициналық маскалардың ақшасын алып, жасырынған алаяқтарды іздестіруде

Полицейлер медициналық маскалардың ақшасын алып, жасырынған алаяқтарды іздестіруде

Петропавл қ. Полиция басқармасына интернет-алаяқтарға алданып қалған 1987 жылы туған жеке кәсіпкер жүгінді. «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы сұлулық салонына арналған өнімдерді сатумен айланысатын кәсіпкер 7 мың дана медициналық масканы сатып алмақ болған. Сатып алудың барлық шарттарын орындап болған соң, өзінің банктік картасынан тауарды жеткізушінің көрсетілген шотына 400 мың теңге көлеміндегі соманы аударады. Алайда жеткізушілер соманы алған соң, байланысқа шықпай қойған.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климовтің айтуынша, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы «Алаяқтық» бойынша Сотқа деqінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«...Ақпараттық жүйе арқылы интернет-дүкендерде мәміле жасасқанда бейтаныс адамдарға сенбеген абзал. Ең алдымен аккаунтардың қай күні ашылғанын, олардың жұмысын алдын ала біліп алған дұрыс. Сондай-ақ, жариялаған посттарымен, алдында жеткізілген тауарлар бойынша адамдардың жазған пікірлерімен танысу қажет...», - дейді Криминалдық полиция басқармасының бастығы.

Мәдина Балғашоқова, СҚО ПД баспасөз қызметі