СҚО полицейлері өзге де өкілетті органдардың қызметкерлерімен бірлесіп, көңіл-көтеру орындарының, қоғамдық тамақтану объектілері мен сауда орындарының иелері тарапынан төтенше жағдай режимінің сақталуын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.ТЖ режимін сақтау нормаларын түсіндіру және осындай бұзушылықтардың алдын алу бойынша еріктілер белсенді көмек көрсетуде.
Бүгінгі таңда СҚО-да ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабын бұзудың 25 фактісі анықталды, аталған баппен айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Петропавлда соңғы тәулік ішінде компьютерлік клубтардың бірінің сағат 22-ден кейін жұмыс істеуінің бір фактісін анықтады. Оның иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Барлығы демалыс күндері Петропавлда ТЖ режимін бұзудың 8 фактісі тіркелді, оның 7-і - дәмхана иелері тарапынан орын алған бұзушылық. Аудан орталығында да ТЖ режимін бұзу фактісі анықталды.Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында сағат 22-ден кейін келушілер болған дәмхана иесіне қатысты әкімшілік материал жиналды. Кәсіпкердің қандай жазаға тартылатынын сот шешетін болады.
"ТЖ режимі көздейтін басты мақсат - коронавирустық инфекцияның таралуына тосқауыл болу мақсатындағы қағидаларды сақтау. Адамдар мұндай шектеулерге түсіністікпен қарауы тиіс, бұл бірінші кезекте азаматтардың өздерінің қауіпсіздігі үшін қажет. Сонымен қатар тәртіп сақтауға шақырамыз", - деп тоқтала кетті СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев.
СҚО ПД баспасөз қызметі