Петропавл полицейлері зейнеткерлерді алдаған алаяқты ұстады

Петропавл полицейлері зейнеткерлерді алдаған алаяқты ұстады

Петропавл полицейлері өзін еріктімін деп таныстырып, зейнеткерлерді алдаған қала тұрғынын ұстады. Бірінші полиция бөліміне алаяқтың құрбанына айналған Петропавл қ. екі тұрғыны арыз түсірді. 76 жасар зейнеткер әйелдің айтуынша, күтпеген мейман өзін еріктімін деп таныстырып, Наурыз мейрамын мерекелеуге орай әкімдіктің атынан мың теңге тарту етпекші болған. Зейнеткерді азық-түлік пакетінің берілетініне және оны өзі келесі күні әкеліп беретініне сендірген. Қаскөй әйел әжейге кейін анықталғандай, жалған кәдесый бес мың теңгені беріп, қалған ақшаны қайтарып беруді өтінген. Еш нәрседен күмәнданбаған зейнеткер жалған кәдесый ақшаны алып, 4 мың теңге қайтарып береді. Бұдан бөлек, әжейдің сеніміне кірген қаскөй әйел одан жалған екі мың теңгені айырып алады. Дәл осындай жағдайға басқа зейнеткер әйел де душар болды. Полицейлер алаяқ әйелді іздестіруге жедел кірісті. Тәулік ішінде жедел уәкілдер 39 жасар қала тұрғынын анықтап ұстады. Бұдан бұрын ол осындай қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған болып шықты.

Алаяқтық және ұсақ ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 190 және 187-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғанға қатысты "міндетті келу" бұлтартпау шарасы белгіленді. "Барлық азаматтарды сақ болуға және егде жастағы туған-туыстарыңызды алаяқтардың әрекеті туралы ескертуге шақырамыз. Алаяқтар сенгіш азаматтарды құрығына түсіру үшін коронавирустың таралуына қатысты туындаған жағдайды пайдалана отыра, түрлі оқиғаларды ойдан шығарып айлаларын жүзеге асыруы мүмкін", - деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов.

СҚО ПД баспасөз қызметі