
Солтүстік Қазақстанның ішкі істер органдарында қызмет атқарған Ауған соғысының ардагерлері облыстық полиция департаментінің құрамындағы жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлерімен кездесті. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күнінде олар жауынгерлік естеліктерімен бөлісті. СҚО полиция департаменті және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Ақан Сыздықов интернационалдық борышын өтеген әріптестерін құттықтап, олардың ерлігі әрқашан полиция қызметкерлері үшін үлгі болатынын атап өтті.
Арнайы жасақ офицерлерінің жұмысын тұрғындар сирек көреді. Осындай оқиғалардың бірі 2019 жылы Петропавл қаласында орын алды. Пышақпен қаруланып алған мас ер адам газды ашып, үйді жарып жіберетінін айтқан, әрі тұрғындардың біріне шабуыл жасаған. Жауынгерлердің жұмысы осы сәтте көрінді. Шұғыл әрі сыни жағдайларда әрдайым әрекет етуге дайын қызметкерлер ардагерлердің соғыс жағдайындағы қызметінің ерекшеліктері, жаумен қақтығыстары, бастан кешкен оқиғалары жайлы әңгімесін мұқият тыңдады. Ауа райының ерекшеліктері қандай болды, соғыс мінез-құлыққа қалай әсер етті – тәртіп сақшылары тарапынан да бірқатар сұрақтар қойылды. Ауған жерінен келіп жол полициясында қызмет атқарған Бағдат Ешмановтың айтуынша, соғыс оған қатты әсер еткен. Байсалды, сабырлы бола бастаған. Әскерге дейін милиция қатарында қызмет атқарамын деп мүлдем ойламапты. Үлкен ағасының айтуымен ойланбастан милицияға орналасқан. Барлық ардагерлер айтып өткендей, соғыс оларға Отанға адалдықты, қызметті мінсіз атқаруды, жасаған іске деген жауапкершілікті үйреткен. Ардагерлердің барлығы тиісті мерзімінен артық борышын өтеген. Мәселен, бронды көліктің аға жүргізушісі Талғат Самаратов негізгі мерзімінен кейін тағы 3 айға қалдырылған. Өйткені жаңа ауысымды ұрыстың қыр-сырына үйретпей жауынгерлер үйіне қайтпаған.
«Біздің құрметті ардагерлеріміздің әрқайсысы әлдеқайда жас еді. Ол кезде қазіргідей дайындық та болмады. Олар интернационалдық борышын абыроймен орындап, елге оралды. Кейін қылмыспен күресте, қоғамдық тәртіпті сақтауда қызметтерін жалғастырып, тәртіп сақшыларының бірқатар жас буынын тәрбиеледі», - деді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлова.
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың офицерлері ардагерлерді атаулы күнмен құттықтап, Қазақстан тарихы туралы кітаптар табыс етті. Сондай-ақ қонақтар үшін бөліністің ішінде экскурсия ұйымдастырылды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia