Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Ербол Тайбеков тағайындалды

Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Ербол Тайбеков тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы полиция басқармасының жаңа бастығы тағайындалды. Лауазымды полиция полковнигі Ербол Тұяқұлы Тайбеков иеленді.

Ербол Тайбеков 51 жаста. Жамбыл облысында туған. Ішкі істер органдарында қызметін 1993 жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор қызметінен бастады. Ол әр түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық қызметте, елдің әртүрлі аймақтарында жұмыс істеді.

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдулдинов Ербол Тайбековті облыстық полиция аппаратының басшысы ретінде таныстыра отырып, ПБ жаңа бастығына облыстың ең ірі полиция бөлімшесінің жедел-Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Ербол Тайбеков тағайындалды қызметтік қызметін ұйымдастыруда табыс тіледі.

Бұған дейін қалалық полиция ведомствосын басқарған Жандос Мұхатов қаңтар айында Ұлытау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia