СҚО-да полицейлер мен ауылдықтар жолда істен шыққан автобустың жолаушыларына көмектесті

СҚО-да полицейлер мен ауылдықтар жолда істен шыққан автобустың жолаушыларына көмектесті

3 ақпан күні ымырт үйірілген уақытта Айыртау ауданындағы Қарасевка және Үкілі Ыбырай ауылдарының арасында «Петропавл-Имантау» бағытымен кетіп бара жатқан автобустың бірден екі дөңгелегі бұзылды. Өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі бұл туралы жол үстінде кездескен полицейлерге хабарлады. Олар учаскелік полиция инспекторлары Олжас Ильяшев пен Біржан Мукеев болды. Олар оқиға орнына келді. Студенттер, ауыл тұрғындары отырған автобус салонында 35 жолаушы болды. Тәртіп сақшылары оларды жол-жөнекей кетіп бара жатқан машиналарға отырғызып, аудан орталығы Саумалкөл ауылына жеткізуді ұйымдастырды. Бұдан кейін олар автобустың дөңгелектерін жөндеуге көмектесті. Бірақ бұл оңай шаруа болмады. Қолда бар домкрат «Kaessbohrer Setra» маркалы автобусын қажетінше көтере алмады.

«Дәл осы уақытта сол маңда жол үстін қардан тазартып жүрген «Петропавл жолдары» ЖШС-ның механизаторы Леонид Рванов көмеккке келді, - Олжас Ильяшев. – Оның техникасының көмегімен автобус көтеріліп, жөндеу жұмыстары оңайға түсті. Сондай-ақ автобустағы екі жолаушы да қалып көмектесуді шешті. Олар ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірінің механизаторы Виталий Кузьмин мен ішкі істер органдарының ардагері Александр Поздин. Бұрын учаскелік инспектор болып қызмет атқарған».

Кейін автобус жөнделіп Петропавлға оралды. Полицейлер жүргізушілерге көлік құралдарының техникалық жағдайын қадағалап отыруды ескертеді. Қыс мезгілінде жол үстінде түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін екенін және Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды естен шығармау қажет.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia

#SQO_PD_ЖОЛДАҒЫКӨМЕК #ДП_СКО_ПОМОЩЬНАДОРОГЕ