Петропавлдың 20 жастағы тұрғыны есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Петропавлдың 20 жастағы тұрғыны есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғынын 2022 жылдың жазында ұстады. Ол көрсеткен орындарда әсері қатты синтетикалық есірткінің бірі «мефедрон» деп аталатын психотроптық зат салынған 4 түйіншек табылды. Тергеу анықтағандай, ұсталған қыз интернет кеңістігіндегі есірткі дүкендерінің бірінде бірден екі аккаунтта тіркеліп белсенді жұмыс істеп келген. Материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа жіберілді.

«Синтетикалық есірткіні өткізу фактілерінің жолын кесу – полицияның басым міндеттерінің бірі, - дейді облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – Естеріңізге сала кетейік, синтетикалық есірткілердің аса ірі мөлшері бір грамнан басталады. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің санкциясымен 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең төменгі жаза көзделген. Барлық адамдарға, әсіресе жастарға, есірткі сатудан ақша табуға тырысып, өз тағдырларын бұзбауға шақырамыз».

Жыл басынан облыста есірткі өткізгені үшін 3 адам сотталды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia