СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері халықпен жаппай ақпараттық жұмыс жүргізуде

СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері халықпен жаппай ақпараттық жұмыс жүргізуде

Әр түрлі себептермен құжаттарын уақтылы ауыстырмаған жекелеген адамдар денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі қызметтерге қол жеткізе алмайды. Олардың жағдайын аумақтық полиция бөлімдеріне жүгіну арқылы түзетуге болады. Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлері азаматтық пен халықтың жеке басын куәландыратын құжаттарын алуға көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда. Өткен жылы 28 солтүстікқазақстандық осындай маңызды құжатты қолына алды. Тәртіп сақшылары үгіт жұмыстарын жүргізіп, адамдарды өздерінің құқықтық мәртебесін реттеу үшін көші-қон қызметіне жүгінуге шақырады.

«Үгіт жұмыстары түрлі алаңдарда жүргізілуде, - дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов. – Азаматтардың сенімін арттыру мақсатында көші-қон қызметі басқармасы бөліністерінің қызметкерлері көші-қонмен байланысты «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне», әлеуметтік желілердің тікелей эфирлерінде, өңірлік коммуникациялар қызметінде түрлі мәселелер бойынша кеңес береді. Қызметкерлердің байланыс телефондары интернет-ресурстарда орналастырылған. Айта кету қажет, өтініштер саны артып келеді. 2023 жылдың қаңтарында 5 адам 1974 жылғы үлгідегі паспортты жеке куәлікке ауыстырды».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia