
Қаскөйдің өзін-өзі ұстауы жәбірленушіге күмәнді көрінген. Бірақ алаяқ басым түсіп, жәбірленушіні уысына түсірген.
Шымкент қаласының бұрын сотталған 55 жастағы тұрғыны «Kolesa.kz» сайтында автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектерді сату туралы хабарландыру орналастырған. Оның бұл хабарландыруын екі солтүстікқазақстандық көріп үлгерген. Алаяқ өзін дүкен иесі ретінде таныстырып, сатып алушыларды сендіреді. Жәбірленушілер «Lexus» пен «Toyota» автокөліктерінің бөлшектері үшін оған 20 мың және 145 мың теңге аударыпты. Алаяқ «Toyota-ның» иесіне WhatsApp арқылы жеке куәлігінің фотосуретін жібереді. Бірақ алаяқ айтқан мәлімет пен жеке куәліктегі адамның аты-жөнін бір-біріне сәйкес келмеген болып шықты. Сатушы бұнысымен тоқтамай, бұл құжаттың сол фирмадағы қызметкерлердің біріне тиесілі екенін айтады. Алдын ала төлемге қол жеткізген алаяқ байланысқа шығуды доғарып, ізім-қайым жоқ болған.
Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер қылмыскерді анықтады. Жәбірленушілермен сөйлескен уақытта әлдебір жұмыссыз адамның картасы мен фотосуреттерін пайдаланғаны анықталды. Оның бұндай қулыққа барғанын құжат иелері мүлдем білмеген.
«Қазіргі уақытта интернет-алаяқ сотталып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуде, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. – Егер сатушының адалдығына толық сенімділік болмаса, алдын ала төлем жасауға келіспеуді сұраймыз. Бейнеқоңырау арқылы сөйлесуді талап еткен жөн. Алаяқтар әдетте бет-әлпетін жасырып, сөйлесуге келіспейді. Құжаттардың фотосуреттеріне сенбеңіздер. Өйткені алаяқтар бөгде адамдардың құжаттарын пайдаланады. Өздеріңіздің де құжаттарыңызға бас-көз болыңыздар. Олар да қылмыстық әрекетте пайдаланыдуы мүмкін».
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, СҚО-да осындай қылмыстардың жартысынан көбі танымал хабарландырулар сайттары мен әлеуметтік жілелер арқылы жасалады. Бұл хабарландыруларда қылмыскерлер жоқ тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала төлемді талап етеді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia