Петропавлда республикалық оқу жиындарының қатысушылары Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақтаның астына гүл шоқтарын қойды

Петропавлда республикалық оқу жиындарының қатысушылары Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақтаның астына гүл шоқтарын қойды

Ұлттық ұлан академиясында өтіп жатқан республикалық оқу-әдістемелік жиындарына қатысушылар Петропавл қалалық полиция басқармасының ғимаратында орнатылған полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақтаның астына гүл шоқтарын қойды.

Капитандар, майорлар, полковниктер – қалалық полиция ведомствосының плацында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам полиция офицері сап түзеді. Олардың әрқайсысы – өздері қызмет атқаратын бөлініс бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары. Олар жеке құрамның тәртібіне, мәдениетіне және қызметкерлерді оқытуға жауап береді.

Офицерлердің алдында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлова сөз сөйледі. Ол полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі қазіргі ұрпақтың жадында мәңгі қалатынын атап өтті. Сондай-ақ Тараз қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Семейхан Сексенбаев та сөз алып, осы іс-шараны ұйымдастырған өңір полициясына алғысын білдірді.

Офицерлер қолдарындағы қалампыр гүлдерін тақтаның астына қойып, әскери сәлемдесуін орындады. Іс-шара тәртіп сақшыларының салтанатты маршпен өтуімен аяқталды.
2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында қарулы қылмыскерді залалсыздандыру кезінде 7 адам қаза тапты, оның ішінде 3 полиция қызметкері мен ҰҚК-нің 2 қызметкері болды. Қылмыскер өзін-өзі жармақ болған сәтте жол полициясы жеке батальонының взвод командирі полиция капитаны Ғазиз Байтасов гранатаны денесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. Батырдың суреті бар ескерткіш тақта екі жарым ай бұрын, оның ерлікпен өмірден өткен күні қарсаңында Петропавл қалалық полиция басқармасының ғимаратында салтанатты түрде ашылды.

ІІМ идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің ғылыми қызметкері Болат Қаженовтың айтуынша, Ұлттық ұлан академиясында өтіп жатқан оқу-әдістемелік жиындарға тренингтер, семинарлар, саптық дайындық кіреді. Бұған дейін осындай курстар 16-21 қаңтар аралығында өтті. Олардың қорытындысы бойынша еліміздің барлық облыстарынан келген 100-ден астам полиция қызметкері сертификат алды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО