ІІМ мемлекетік қызметтерді тек электрондық үкімет порталы арқылы алуды ұсынады

ІІМ мемлекетік қызметтерді тек электрондық үкімет порталы арқылы алуды ұсынады

Құрметті азаматтар!

Короновирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасында жарияланған төтенше жағдай режимін назарға ала отырып, басқа адамдармен қарым-қатынастарды шектеу мақсатында, Ішкі істер министрлігі мемлекетік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуды ұсынады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба және Интернет желісінің болуы қажет.

Көші-қон және жол қозғалысы саласында аса қажетті қызметтерді көрсету түрлері, мерзімдері мен шарттары туралы ақпаратты ұсынамыз.

Көші-қон саласында:
- Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару. Қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініші негізінде көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі - 15 минут.
- Қазақстан Республикасы азаматтары-жеке тұлғаларының үй шаруашылығында жұмыс істеуге келген еңбекші көшіп келушілердің рұқсаттарын ұзарту. Қызмет алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы-жұмыс беруші электрондық үкіметтің веб-порталына жүгіну қажет. Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күн ішінде;
- Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру. Қызмет шетелдікті қабылдайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініші негізінде көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күн ішінде;

Жол қозғалысы саласында:
- Қазақстан Республикасының бұрын есебінде тұрған көлік құралдарын тіркеу. Қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың өтініші негізінде көрсетіледі. Қызметті көрсету мерзімі - 60 минут;
- Жүргізуші куәлігі мерзімі аяқталуына, сондай-ақ паспорттағы деректердің өзгеруіне байланысты ауыстыру. Қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың өтініші негізінде көрсетіледі. Қызметті көрсету мерзімі-60 минут;
- Мемлекеттік нөмерлік белгіні және / немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлігін жоғалту немесе тозған жағдайда телнұсқасын беру. Қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ, заңды тұлғалардың өтініші негізінде қызмет көрсетіледі. Қызметті көрсету мерзімі - 3 жұмыс күні.

Назарларыңызға рахмет!