ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті хабарлайды

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті хабарлайды

Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай жариялануына байланысты ішкі істер органдары көші-қонды бақылау саласында келесі шараларды енгізуде:

• Шетелдіктер, оларға байланысты емес дәлелді себептер бойынша елден шыға алмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылудан босатылады (жолаушылар, автомобиль көлігі, теміржол, теңіз және әуе қатынастарының, сондай-ақ, оларға билеттердің болмауы, Мемлекеттік шекарадан, соның ішінде қабылдаушы мемлекеттің өткізу бекеттерінің жабылуы).
• Оларға мерзімі 30 күнге дейін визаны алу үшін болу жері бойынша Көші-қон қызметі басқармасына жүгіну қажет.
• Осы мерзімге жақын шетелден келген азаматтардың болуы ұзартылады. Жеке өтініш негізінде оларға уақытша тұру рұқсатын беру туралы анықтама берілетін болады.
• Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келуі жабылуын ескере отырып, Қазақстанның барлық аумағында келуге шақырулар және жаңа визалар ресімделмейді.
• Жеке адамдарда жұмыс істеуге шетелдіктерге рұқсат беру шектелді. Ал еңбекші көшіп келушілерді жұмысқа тартқан Қазақстан Республикасының азаматтары электрондық үкімет порталы арқылы электронды түрде өтінім беріп, рұқсатты ұзарта алады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болу қажет.

Назарларыңызға рахмет!