СҚО полицейлері жыл басынан масаң күйде көлік жүргізудің 111 фактісін анықтады

СҚО полицейлері жыл басынан масаң күйде көлік жүргізудің 111 фактісін анықтады

Жыл басынан СҚО жолдарында масаң күйдегі жүргізушілердің кінәсінен бір адам қайтыс болып, тағы біреуі жарақаттанды. Масаң күйде рөлге отырғандардың салдарынан тағы алты жағдай денсаулыққа зиян немесе материалды шығын келтірді.

Мысалы, Петропавл қаласының 1986 жылы туған тұрғыны 14 наурыз күні «Subary Legacy» автомашинасымен қаладағы орталық көшелердің бірінде орнатылған шамға зақым келтірді. Медициналық куәландыру кезінде оның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Үш күн өткен соң Петропавл қ. мамандандырылған әкімшілік сотымен оны 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға шешім қабылданды, одан басқа енді келесі 7 жылда рөлге отыруына болмайды.

«11 қаңтардан мас жүргізушілерге қатысты заңнаманың қатаңдатылғанын солтүстікқазақстандықтардың естеріне салғымыз келеді, - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов. – Басқару құқығынан айыру мерзімі енді 7 жылдан 9 жылға дейін, құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай 15 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу міндетті түрде қолданылады. Жаза баламасыз болады, яғни жауапкершіліктің басқа түрлеріне алмастырылмайды. Бұндай шаралар жолдарды мас жүргізушінің өзіне және айналасындағыларға келтіретін қауіптен арылтуға бағытталған».

Барлығы жыл басынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша 111 хаттама, оның 48-і Петропавлда толтырылды. Полицейлер 104 факті бойынша материалдарды сотқа жолдады.

Игорь Мерцалов, СҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы