
Жылу құбырлары, кәріздік құдықтар, жертөлелер – күн сайын қабылдау-тарату орнының қаңғыбастарды жинау тобы үй-күйсіз жүрген адамдар болуы мүмкін орындарды тексереді. Полиция қызметкерлеріне қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды, оқыс оқиғалардың алдын алу міндеті жүктелген. Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар қылмыстық әрекет жасап қана қоймай, өздері де қылмыс объектісіне айналуы мүмкін. Бұдан бөлек, осы санаттағы адамдардың арасында із-түссіз жоғалған және іздеудегі қылмыскерлер болуы мүмкін.
Қаңғыбастарды жинау тобы баспанасыз жүргендерді ең алдымен қабылдау-тарату орнына жеткізеді. Бұл жерде олар барлық есептер мен бағдарлар бойынша тексеріледі, қажетті көмек көрсетіледі. Бұдан кейін олар Жұмысшы кентінің шет жағында орналасқан түнгі түнеу орнына жеткізіледі. Мұнда олар жылы бөлмеде түнеп шыға алады. Рейд барысында полицияға орта есеппен алғанда 7-8 адам жеткізіледі.
Петропавл қ. Полиция басқармасы құрамындағы қабылдау-тарату орнының бастығы полиция майоры Болат Баймақановтың ақпаратынша, жыл басынан қабылдау-тарату орнына 60 астам адам жеткізілген. Соттың санкциясымен 15 адам орналастырылған. Қолда бар есептердің көмегімен бұрын сотталған 5 адам анықталған.
Полицейлер ескерткендей, тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардың топтасып жиналғанын көрген азаматтар қабылдау-тарату орнының кезекші бөліміне 8 (7152) 52-92-99 нөмірі хабарласуға немесе тәулік бойы жұмыс істейтін 102 арнасына жүгінуге болады. Сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар туралы немесе қылмыс пен құқық бұзушылық жайлы «102» мобильдік қосымшасын пайдаланып бейнеқоңырау шалу немесе мәтіндік хабарлама жіберу арқылы хабарлауға болады.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia