
ІІМ жүйесінің жоғары оқу орындарында білім алудың артықшылықтары туралы петропавлдық оқушылар естіп білді. Полиция мамандығының беделі, толық мемлекеттің қамтамасыз етілуінде болып тегін білім алу, офицерлік атақтар, құқық қорғау қызметінің кез келген бағытында жұмыс істеу мүмкіндігін ашатын диплом — осының барлығын балаларға ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілі полиция полковнигі Серік Едіресов айтып берді. Ол СҚО ПД кадр саясаты басқармасымен бірлесіп, алты мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Полиция қызметкерлерінің аудиториясы шамамен 400 адамды құрады.
Оқушылармен жүздесудің уақыты кездейсоқ таңдалмады. Уақыт бар кезде дұрыс таңдау жасау, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып, кем дегенде 50 ұпай жинау және спорттық дайындықты қолға алуға мүмкіндік бар. Әңгімелесу барысында СҚО ПД кадр саясаты басқармасының қызметкерлері қызығушылық танытқан балалардың байланыс нөмірлерін жинады. Олар WhatsApp чатқа қосылып, полицейлерден кеңес алады. Жасөспірімдер бұл чатқа ата-аналарын да қоса алады.
«Қостанай академиясы әкімшілік блок қызметкерлерін дайындайды, - деп нақтылады СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлова. — Олардың қатарына учаскелік полиция инспекторлары, ювеналдық полицейлер, көші-қон қызметі, патрульдік полиция және құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған басқа да бөліністер кіреді. Ішкі істер органдарында қызмет атқару – бұл мінез-құлқыңды шыңдап, еліміздің өркендеуіне үлес қосудың жақсы мүмкіндігі».
Ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі туралы толығырақ ақпаратты Петропавл тұрғындары Алматы көшесі, 55 мекенжайындағы СҚО ПД кадр саясаты басқармасынан 314 және 315 кабинеттерде, сондай-ақ 8 (7152) 61-26-68, 61-26-50 телефондары бойынша, WhatsApp 8-708-204-71-63 нөмірі бойынша алуына болады. Сондай-ақ, Жұмабаев көшесі, 118 мекенжайындағы Петропавл қ. Полиция басқармасының кадр саясаты бөліміне 217 кабинетке жүгінуге болады немесе 8 (7152) 49-32-17, 50-12-52, WhatsApp 8-701-869-92-40 нөмірлеріне хабарласуға болады. Аудан тұрғындары жергілікті полиция бөлімдеріне жүгіне алады.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia