
Көктем мезгілі келісімен су қоймаларындағы, тоғандардағы мұз қабаты барынша жұқарды. Ауа-райының жылынуынан қар қарқынды еріп, мұздың беті жұқарды. Осыған байланысты табиғатты қорғау полициясы мен төтенше жағдай қызметкерлері менмендік танытып, өздеріне сеніп балық алауға шығатындарға аталған фактордың қауіпті екенін ескертеді. Қыста алаңсыз балық аулаған орындар, бүгінгі күні үлкен қауіп тудырады. Балықшылардың керек-жарақтары ауыр, сәйкесінше мұзға салмақ түсіреді. Әсіресе, техникамен мұздың үстіне шығу, қою аса қауіпті. Балық аулау кезінде мұз астына кетуі әбден мүмкін. Өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көктем мезгілінде балық аулауға шығуды шектеу қажет, автокөлігімен мұз бетіне шықпау керек. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы полиция капитаны Асхат Қожабаевтың айтуынша, барлық қалалық, аудандық бөліністерге тоғандарда балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттілігі туралы халықпен ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде нұсқау жолданды.
ТЖ және балық аулау инспекциясы қызметкерлері жаппай балық аулау орындарында қауіпсіздік шараларын, балық аулау ережелерін сақтау, сондай-ақ масаң күйдегі қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында бақылауды жүзеге асыру үшін бірлескен топтар құрды.
«Уақытты үнемдеймін деп жұқа мұздың үстімен жүріп және көктем кезінде сүйікті ісі балық аулаумен айналысып өз өміріне қауіп төндірмеген жөн. Қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтауға шақырамыз», - дейді табиғатты қорғау полициясының қызметкері Асхат Қожабаев.
Мәдина Балғашоқова, СҚО ПД баспасөз қызметі