СҚО полицейлері бір күн ішінде іздеудегі 8 қылмыскерді ұстады

СҚО полицейлері бір күн ішінде іздеудегі 8 қылмыскерді ұстады

Наурыздың 18-19 аралығында СҚО полицейлері «Іздестіру» мемлекетаралық жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысуда. Осы кезеңде Қазақстан және ТМД елдерінің полиция қызметкерлерімен өзара көмек көрсету жандандырылды. Шет мемлекет аумағында сот төрелігінен жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздестіруге көңіл бөлінеді.

«Аталған бағыттағы жұмыс ТМД елдерінің Ішкі істер мининистрліктері арасындағы қол жеткізген келісімдермен жүргізіледі, - деп түсіндірді СҚО ПД КПБ бастығы полиция полковнигі Петр Климов. Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде, ЖПІШ аясында жедел ақпаратпен алмасу жеделдетіледі, басқа полиция бөліністерінің күштері тартылады».

Төрт қазақстандық және РФ бір азаматы ресейлік полициямен есірткі қылмыстарын жасағаны, жалған құжаттар жасағаны, парақорлық, экстремистік іс-әрекет жасауға шақырғаны және тонағаны үшін іздестіруде болған. Аталған қылмыскерлердің барлығын рейселік тарапқа солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер тауып берді.

… Бұдан басқа Павлодар облысының 24 жасар тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Өзі тұрып жатқан Ертіс ауданында компьютерді жөндеуге алып, екі айдың ішінде иесінен қосалқы бөлшектерге деп 88 мың ақша алған, алайда компьютерді жөндемеген. ҚР Қылмыстық кодексінің 90-бабы «Алаяқтық» бойынша іс сотқа жолданған соң, күдікті ізін суытқан және Петропавлда ұсталды.

Сондай-ақ, Криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлерімен СҚО-да шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимін орындаудан жалтарған екі адамның жүрген жері анықталды. Олар ішкі істер органдарын хабардар етпей, тұрғылықты жерін ауыстыру талабын елемеген. Екеуі де қамауға алынды. Іс-шараның алғашқы күні облыс аумағында іздеудегі 8 қылмыскер және із-түссіз жоғалған 2 адам ұсталды.

Игорь Мерцалов, СҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы