
СҚО-да шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыс тәртібінде еш қарбалассыз өтуде. Акцияның басынан Петропавл қаласының мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына консультацияларды қоса алғанда 2652 өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 743 адам өтініш берді. Екінші кезең – криминалистердің тексеруінен 412 автокөлік өтті. Қазіргі уақытта қазақстандық мемлекеттік нөмірлерді 331 адам алды.
«Келіп түскен өтініштердің 386-сы кедендік тазарту бойынша түзетулер енгізу үшін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жіберілді, оның ішінде 91 адам оң жауап алды, - деп нақтылады СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов. – Тіркеу жұмыстары еш қарбалассыз жүргізілуде, заңдастыру рәсімі туралы тұрғындарға уақтылы хабарланды».
Полиция подполковнигі Серік Әлжановтың мәліметінше, адамдармен байланыс арналары үнемі жұмыс істейді, қызметкерлер Telegram-чатта жұмыс уақытында Процессингтік орталықтың 8 (7152) 32-00-19, 32-00-22 телефондары бойынша кеңес береді. Полиция қызметкерлері әр жағдайды жекелей қарастырып, шешімін табуға көмектеседі. Бір апта ішінде телефон арқылы 200-ден астам адам кеңес алды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia